Құрметті аудан тұрғындары жедел жағдайға жүргізілген талдау көрсеткендей, 2023-2025 жылдар аралығында ел аумағында тыйым салынған заттарды (кастеттер, пышақтар, ұрып-уататың әсері қару) пайдалана отырып, 400-ден астам ауыр және аса ауыр қылмыс (оның ішінде кісі өлтіру-51, бұзақылық-117, қарақшылық-48, тонау-12) жасалған. Бұл деректер кастеттерді, суық қаруды және өзге де тыйым салынған заттарды қолдану жағдайлары бірдей емес және жүйелі сипатта екенін куәландырады.
Бұл ретте, қарудың осы түрi жастар арасында ерекше танымал, өйткенi оны өзiмен бiрге алып жүру ыңғайлы және оны қылмыстық мақсаттарда жиi пайдаланады.
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес ел аумағында лақтырылатын серлінді қарудың, ұрып-уататың қаруға мен ұрып-уату және лақтыратын әсері бар қару ретінде пайдалану арнайы бейімделген заттардың айналымына тыйым салынатындығы көрсетілген.
Бұдан басқа, суық қаруды заңсыз алып жүру немесе сату үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодесінің 287-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Сонымен қатар, құқыққа қарсы контенттің таралуын анықтау үшін ақпараттық кеңістікті, оның ішінде Интернет желісінің қазақстандық сегментін мониторингілеу барысында «OZON», «Kaspi.kz», «Satu kz» және басқа интернет-платформалар арқылы тыйым салынған заттарды сату бойынша жарнамаларды орналастыру фактілері анықталған.
Осылайша, жоғарыда баяндалғанның негізінде, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қоғамдық орындарда суық қару мен өзге де тыйым салынған заттарды заңсыз пайдалану фактілерінің, сондай-ақ оларды онлайн-дүкендер арқылы сатудың алдын алу және жолын кесу, мақсатында Индер ауданы Полиция бөлімі ескертеді.
Н. Ахметов,
Индер ауданы ПБ бастығы полиция полковнигі