Студенттер сынға түсті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім мен көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі студенттер арасында әскери-патриоттық сайыс ұйымдастырды.

Тоғыз кезең бойынша сынға түскен сайыстың басты мақсаты – жастардың отансүйгіштік қасиетін, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Сайыс нәтижесі бойынша бірінші орын «Дельфин», екінші орын «Айбын», үшінші орынды «Барыс» командалары жеңіп алды.

Олардың сайыс кезіндегі көрсеткіштерін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Т.Бражанов пен қызметкері Қуаныш Базарбай, көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің басшысы Бағытжан Құнас әділ бағалап, тиісті орындарын ұсынды.

Толығырақ газеттің 20 желтоқсандағы санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT