Спорт кешені жоспарда тұр

 Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары одан әрі жалғасып, «Nur Otan» партиясы атынан түскен аудандық мәслихатқа үміткерлер Шалқар Альмурзиев және «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалы жанындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Жанай Амантурлин Елтай ауылының тұрғындарымен кездесті.

Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасындағы басты міндеттерімен таныстырды.

Сайлаушылар алдында сөз алған Ж.Амантурлин «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Елімізде пандемияға байланысты ауыр жағдай қалыптасқанын, соған қарамастан халқымыз барлық сақтық шараларын ұстанып, біртіндеп жаман ауруды жеңуге қадам басқанын көздеп, бұл бағытта жасалған істерге тоқталды.

-Мемлекет тарапынан елімізде экономикалық іскерлік белсенділікті қолдау және сыртқы әсерлердің теріс ықпалын азайту үшін ауқымды шаралар қабылданды. Айталық кірісін уақытша жоғалтқан 15041 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік төлемдер төленсе, 1100 аз қамтамасыз етілген отбасыларға «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден берілді. Сондай-ақ 1314 мүгедек жанға, 163 мүгедек балаға, мүгедек күтімімен айналысатын 161 ата-анаға, жұмыссыз мәртебесін жоғалтпаған жұмыспен қамту шараларына тартылған 735 азаматқа әлеуметтік көмек төленді, - деді ол.

Бұл жерде тұрғындардың да қиын кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, біріне - бірі көмектескені де үлкен адамгершіліктің белгісі ретінде айтылды. Сонымен қатар аудан бойынша дамудың жеті басымдығын да тілге тиек ете кетті.

img-20210106-wa0079

Бұл жерде партияның негізгі бағыты – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту. Тұрғындардың табысын арттыру үшін өндіріс, ауыл шаруашылығы, туризм салаларын дамыту қолға алынбақшы.

Осы әңгімені әрі жалғаған үміткер Ш.Альмурзиев жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы бойынша 10 инфрақұрылымдық жобаларға 1,7 мың адамды жұмысқа орналастыру, оның 800-ден астамын жұмыспен қамту орталықтары арқылы, «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл сайын 300 адамды қамту партияның негізгі жобалары екенін, бұдан басқа да коммуналдық мәселелерге орай жеткізе айтты.

Тұрғындар атынан сөз алған М.Сиранов атындағы орта мектеп директоры С.Ешмұханбетов ауылдың жағдайы жаман еместігін, көше жолдары түгелге жақын салынғанын, дегенмен спортшылардың бәрі осы ауылдан шыққанмен ауылда спорт кешені және мәдениет үйінің жоқтығы жанға бататынын жеткізді.

Сондай-ақ Социалистік Еңбек Ері Маржан Енбаеваның үйін жөндеу керектігін қаперге берді. Үміткерлер көтерілген сұрақтарға орай жауап беріп, мәдениет үйі мен спорт кешені негізгі жоспарда тұрғанын айтты.

Кездесу соңында тұрғындарды 10 қаңтарға сайлауға қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Өз тілшіміз

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Индер ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521