Спорт кешендері жөнделуде

Индербор кентінде жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында салынған спорт кешендерін жаңғырту жұмыстары қолға алынуда.

2013 жылдары пайдалануға берілген Спорттық сауықтыру кешені өткен жылдары орын алған дауылдар салдарынан төбе шатыры ұшып, қабырға сылақтары түсіп қиындық көріп келген. Мектеп қызметкерлерінің күшімен жеңіл –желпі жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен па дегендей болмады. Биылғы жылы қазынадан қомақты қаржы қаралып төбе шатыры ауыстырылып, жаттығу залдары жөндеуден өткізіліп, сыртқы қаспеттері қапталуда.

spor

Сұлу МОЛДАҒАЛИЕВА, мекеме қызметкері: - Біздерде екі зданиямыз бар. Соған 60 млн қаралды, қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Маусым айынан қыркүйек айына дейін жалғасып келе жатырған жөндеу жұмыстары, осы қыркүйектің соңына қарай бітеді деген жоспарда бар.

Ал кешегі кеңес үкіметі тұсында кенттің жылумен қамтамасыз еткен жылу орталығының иесіздікке ұшырап, сау тамтығы қалмаған екінші ғимаратты жергілікті спортшылар өздері жамап-жасқап жаттығу орынына айналдырған. Уақыт талабына сай келмейтін жаттығу залын күрделі жөндеуден өткізіп берсе деген спортшылардың жан айқайына аудан әкімдігі бірден назар аударып, аз уақыт ішінде адам танымастай етті.

spo

Күні бүгінге балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бокс, тоғыз құмалақ, дзю-до, самбо, еркін күрес, қазақша күрес, футбол, волейбол сынды спорт түрлерінен 918 шәкірт дәріс алады. Оларды 24 жаттықтырушы дайындайды.

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT