«Сәйгүлік» аймақтық ән байқауы мәресіне жетті


Қазақтың тұңғыш бард ақыны  Табылды Досымовтың шығармашылығын насихаттауға арналған «Сәйгүлік» аймақтық ән байқауы  мәресіне жетті.

-Табылды ағамыз өзінің туған жері Индерде ғана емес, бүкіл Қазақ жұртының мақтанышына айналған тұлға. Оның сырлы үні, сағыныш пен шерге толы терең жырлары, қоңыр үнімен айтқан әндері жүрекке жетіп талай буынды тәрбиеледі. Бүгінгі өткізіліп отырған аймақтық байқау тұлғаға деген ел ықыласы, өнерге деген құрметтің көрінісі, - деді ән байқаудың ашылуында Индер ауданының әкімі Серік Нысанбаев.


Сахнаға көтерілген Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қордың директоры Бижан Қалмағамбетов Табылдының еске алу кеші Қазақстанның бүкіл қалаларында, көршілес мемлекеттерде өтіп келе жатқанын,  сонда барша қазақ Табылдың әндерін сүйіп тыңдап, ерекше құрметтейтінін атап өтті. 
Бүгінгі аймақтық ән байқауына  Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарынан барлығы 13 өнерпаз бақтарын сынады. Байқау шарты екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде байқауға қатысушылар Т.Досымовтың шығармашылығынан жанды дауыста гитарамен бір әннен орындады.

Ал екінші кезеңде Т.Досымов шығармашылығынан эстрадалық бағытта бір әнін шырқады. 


Байқауда қазылар алқасының шешімімен, Бас жүлде 500 мың теңге сыйлығымен  Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайының Е.Абдулов атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің солисті Ешкаев Сиғватолла Ғарифұлына бұйырды. 


Ал 1 орынды  -Д.Нұрпейсова атындағы Атырау музыка колледжінің ән-хор бөлімінің ұстазы, атыраулық  Орынбасар Жұмаханов, 2 орынды - көршілес Махамбет ауданынынан келген Бейбарыс ауылдық «Жас дәурен» мәдениет үйінің  басшысы Ислам Нұрмұхамед иеленді.

Жүлделі қос 3 орынды  - Атырау қалалық Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясының телім басшысы Ержан Сағымбаев және «Индер-Мәдениет» КМК әншісі Нағим Сатимов иеленді. 


Кеш соңында Табылдың  ұлы Аяш Абыл отбасының атынан ризашылығын білдірді. 


С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Индер ауданы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT