СИЫР НЕДЕН АУЫРДЫ?

Бүгінде малшылар Есбол ауылдық округіне қарасты қожалық сиырынан белгісіз ауру пайда болғанын айтып, дабыл қағуда. Аузынан сілекейі ағып, әлі кетіп бара жатыр дейді олар. Енді айналаға тараса, барлық малға жұғып, індеттен қырылып қала ма деп қауіптенеді. Осы әңгіме жақында Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың шаруагерлермен кездесуінде де көтеріліп, әңгіме өзегіне айналды.

Осы орайда Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Индер аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Өмірбек Темірғалиев: - Дабыл қағылғаннан кейін арнайы ветеринар мамандар болып, ауру ошағы шықты деген Есбол ауылының қырындағы Жанқуат Қамбаловтың үйіне бардық. Ол 118 бас ірі қараны түгел клиникалық тексерістен өткіздік. Малдың бәрі аулада күтімде тұр. Далаға шығармайды. Алайда бәрін қарап шыққанымызда ешқандай ауру белгісі анықталған жоқ.

Дегенмен мал иесі күдіктеніп, ауырды деген 5-6 бастан сынама және қан алып сараптамаға жібердік. Сондайақ Биебаудағы қожалықта да болғанымызда одан да бір басты байқадық. Бірақ аурудың негізгі белгілері жоқ. Олар да аусыл ауруына қарсы дәрі алып, өздері мал дәрігеріне ектіріп жатыр. Бүгінде вакцинаға тапсырыс беріп, күтіп отырмыз,-дейді.

Маманның пікірінше орталықтан аурудың белгісі анықталып келетін болса, ол аймаққа шектеу қойылады екен. Сондай-ақ әркім өз бетінше ем жасай беруге кеңес бере алмайды. Әзірге ауру белгісі анықтала қойған жоқ. Жалпы бұл ауру Ақтөбе, Қызылқоға өңірінен шыққан.

Ж.ІСІМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT