Шығармашылық шыңында

Қазақ өнері мен мәдениетін дамытуға сіңірген шығармашылық педагогикалық еңбегіне орай «Ұлттық өнерге қосқан зор үлесі үшін» медалінің иегерлерін жыл аяғында анықтады. «Жұлдыз» продюсерлік орталығының ұйымдастырып отырған бұл құрметке ауданымыздан «Балдәурен» бөбекжайының музыка жетекшісі Хайырлиева Гүлнәр Ханатқызы ие болды.

Гүлнәр Ханатқызы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының музыка факультетін аяқтағаннан бері аудандағы бөбекжайларда ұзақ жылдардан бері табан аудармастан абыройлы еңбек етуде. Өнерпаздың өзімен қатар шәкірттері де бұған дейін талай түрлі деңгейдегі фестивальдар мен байқаулардың биік белесінен көрініп келеді.

Ал жақында ғана өнер жолындағы толағай табыстары «Осенние мелодии» атты «Жұлдыз» халықаралық конкурсында жалғасын тапты. Алматы қаласында мәресіне жеткен өнер байқауында осы шағын ғана бөбекжайдың «Екі жұлдыз» (Ғаллем Камал мен Серік Сезім) дуэті вокалдан, «Солнышко» балалар хоры (тәрбиешісі Альбина Сисенғалиева), «Балдырған» (Жанар Нұрманова), «Радуга» (Майра Шарипова, Ляля Диярова) бишілер тобы әрқайсысы жас ерекшелігіне орай өздерінің номинациясы бойынша 1 орынды жеңіп алды. Ал Гүлнәр Ханатқызының өзі құрмет дипломымен марапатталды. Сондай-ақ, тәрбиешілері Г.Тілекова мен А.Мадиярова, т.б. ие болды.

Ал күні кеше аудандық «Айгөлек» өнер байқауында вокал номинациясы бойынша Ғалем Камал бас жүлде алса, «Балдәурен» тобы мен «Күншуақ» саз аспаптар ансамблі 1 орынды жеңіп алды.

- Елді жайлаған індетке байланысты барлық қоғамдық, мәдени шаралар онлайн түріне көшкені белгілі. Алайда карантинде шектеліп, өнерімізді тоқыратып алған емеспіз. Бүлдіршіндерді өнерге баулуда бар күш-жігерімді жұмсап келемін. «Ұлттық өнерге қосқан зор үлесі үшін» медалінің де табыс етілуі осы саладағы тынымсыз еңбегіме берілген марапат деп білемін, -деді құрмет иесі сөзге тартқанымызда.

Әрдайым шығармашылығын дамытуда белсенділігімен көрінетін кейіпкеріміз қандай құрметке де әбден лайықты екені сөзсіз.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521