Штаб мүшелері округтерде болды

«AMANAT» партиясы жанынан құрылған АЭС салуды қолдау жөніндегі Құрманғазы аудандық халықтық штабы мүшелері ауылдық округтерде болып, мекемелер ұжымдарымен, тұрғындармен кездесті. 

Штаб мүшесі Берік Әнесов Еңбекші ауылдық округіндегі «Ақтолқын» бөбекжай-балабақшасы ұжымымен кездесуде: – Алдымызда үлкен науқан тұр. 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында энергия тапшылығын жою үшін сенімді және экологиялық таза қуат көзі ретінде атом энергетикасын дамыту жайлы Үкіметтің ұсынысына қолдау білдірілді. Бірақ, Мемлекет басшысы стратегиялық жоспарды қоғамда кеңіне талқылау керектігін айтып, ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс деп АЭС салуды референдум өткізу арқылы шешуді тапсырды. Мұндай станса салу туралы бастама 2002 жылы көтеріліп, енді пісуі жетіп, Президенттің Жарлығымен 2024 жылы 6 қазанда реферундум өтеді. Сіздерді соған қатысуға шақырамыз.

Жалпы АЭС өте аз мөлшерде уран пайдаланып, көп энергия береді. Қазір бізде Фукасимо мен Чернобылдың кейпін киіп қалмаймыз ба деген алаңдаушылық туындауда. Ол атом стансаларында адами фактордың салдарынан апат орын алды. ХХІ ғасыр цифрландырылған заман. Сондықтан қорқыныш жоқ деген тұжырымға келіп отырмыз. АЭС салынса жаңа жұмыс орындары ашылады. Энергия жағынан өзге елдерге тәуелді болудан құтыламыз. Оны тұтыну жылдан-жалға артып отырғандықтан, тапшылығын болырмау басты міндеттің бірі. АҚШ-та 54, Францияда – 56, Ресейде – 36, Үндістанда – 20 атом реакторы тұр, – деп қай елде энергия тапшылығы болса экономика дамымайтынын айтып, Қазақстанда АЭС-ты салуға Қытай, Франция, Ресей, Оңтүстік Корея ұсыныс жасағанын, қазір Францияның тәжірибесі зерттеліп, Алматы облысы, Жамбыл ауданынан жер бөлініп отырғанынан хабардар етті. Штаб мүшесі Нұрлан Сабиров айтылғанды толықтырды.

Осындай кездесулер Еңбекші орта мектебі мен ауылдық клубта жалғасын тапты. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Есмұхан Жанизин әскерде жүргенде 1980-1982 жылдары Фин шығанағында Ленинград АЭС-сын салуға қатысқанын еске алып, атом стансасы құрылысының тиімділігіне тоқталды. Мемлекеттік қызметтің ардагері Қанат Ғаббасов өз тарапынан қолдау білдірді.

Теңіз ауылдық округінің Ю.Гагарин орта мектебінде өткен кездесуде кейбір ұстаздар АЭС-ті Ресей салса, оған тәуелді бола түсуіміз мүмкін, Оңтүстік Корея қолға алғаны тиімді болар еді деген пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар қойған сұрақтарға жауаптар қайтарылғаннан кейін, мектеп директоры Гауһар Нұғыманова орталарына келіп, түсінік беріп жатқаны үшін алғысын айтты. Штаб мүшелері округтегі «Айсамал» балабақшасында болғанда ұжым мәселеге түсіністік танытып, референдумға қатысатындарын жеткізді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT