ИНДЕРГЕ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ТАРТЫЛАДЫ

 Шетелдік инвесторларды отандық бизнеске тарту мәселесі де Мемлекет басшысы атап көрсеткен міндеттердің бірі ғой. 

Президент Жолдауында:

«Елімізге қомақты инвестиция тарту керек. Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы, бұл жаман емес, осындай инвестициялар бізге қажет. Бірақ қазір алдымызда тұрған міндет – басқа. Бұл – өңдеу саласына көбірек қаражат тарту. Сондықтан Үкімет инвестиция саясатына басқаша көзқараспен қарауы керек. Қажет болса, жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік беруге болады. Сондай-ақ мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет. Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. Қаражаттың қай бағытқа, қандай мақсатпен және қанша көлемде қажет екенін нақты білу қажет. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы керек»,-деген еді.

Мұнда үлкен мән жатыр. Өйткені әлемдік деңгейдегі инвесторларды тарту арқылы дамудың жаңа кезеңіне қадам басамыз ғой. Әлбетте шетелдік инвестициялар бойынша да алғашқы қадамдар бар. Қытайлық серіктестікпен пайдалы қазбаларды (мергель мен калий тұзы) барлау жобасы дайындық кезеңіне өтті.

Жобаны жүзеге асыру үшін «SHENG QUAN POTASN LIMITED» компаниясы тиісті лицензияны алып, келер жылдан бастап геологиялық зерттеуді бастайды. Жоба іске қосылса, аудан экономикасына елеулі серпін берері сөзсіз.

Айгүл Аралбайқызы,

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT