Шекара шегенделіп, аумағы айқындалды

Әрбір мемлекеттің өз Тәуелсіздігін айқындайтын конституциясы, заңдары мен территориялық аумақтары сондай ақ, сол территориялық тұтастығының кепілдігі бастау алатын мемлекеттік шекарасы бар. Егемендік алғалы бері шекара шегенделіп, аумағы айқындалды.

Еліміздің көптеген аймақтары, елді мекендері шекара шебіне жақын орналасқан. Соның бір мысалы, Атырау облысы Ресей Федерациясы және Каспий теңізі арқылы төрт бірдей мемлекетпен шекараласады.

Шекара маңында орналасқан жергілікті тұрғындар шекара маңында жүретін қарапайым қағидаларды жиі ұмытып, салғырттықтар таныту салдарынан мемлекеттік шекарада өздерінің қасиетті борыштарын орындап жүрген шекарашылар арасында нақты мемлекеттік шекара бұзушысын танып білуде және оларды тұзақтауда бірқатар қиыншылықтар тудыратындығы рас.

Сол себепті, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ел тыныштығы үшін атқаратын жалпыға бірдей істі жүйелендіру мақсатында, шекара аймағында әрекет ететін режимдерін барша азаматтарды бір адамдай басшылыққа алуға шақырамыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі №356 қаулысымен Мемлекеттік шекарадан ені 50 метрге дейін – карантиндік жолақ, 100 метрге дейін – шекаралық белдеу, 25 шақырымға дейін – шекаралық аймақ болып бекітілген, яғни осы көрсетілген аралық ішінде кез келген адам жеке басын куәландыратын құжатпен жүруі міндеттелетіндігін тағы бір рет ескертіп өтеміз. Сондай ақ, шекара аймағында жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген азаматтар анықталған жағдайда, шекара қызметінің өкілі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 510 бабында көрсетілген талаптар негізінде заң алдындағы жауапкершілікке тартуға құзырлы және міндетті екендіктері жайында білгендіктері абзал.

Мемлекеттік шекараны күзету тек шекарашылардың ғана емес, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының қасиетті борышы екендігін барлығы жан дүниелерімен сезінеді деген сенімдеміз! Мемлекеттік шекара күзетіне атсалысу әрбір азаматтың борышы. Ол жайында Қазақстан Республикасы Үкіметнің 2013 жылғы 27 тамыздағы №866 қаулысында да ескерілген.

Атырау облысына қарасты Мемлекеттік шекара сұрақтарына қатысты немесе шекара маңында орын алған оқиғалар туралы әрбір азамат  8 (7122) 20-53-54 телефон нөмірі арқылы шекара қызметімен тікелей байланыс орната алады.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

А.Ахметов,

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы

бойынша департаментінің бастығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT