Шатырларды жұлып әкетті

Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің ұялы байланыс арқылы жіберген смс хабарлама жұрттың үрейін ұшырды.

Аталған жолдамада 2021 жылдың 14 қаңтар күні секундына 25 метрге дейін желдің ұйытқуы болатыны айтылған. Дендерлік жұрттың үрейленуі бекер емес болып шықты. Өйткені Индербор кентінің Д.Қонаев көшесінің бойында орналасқан "Қазақтелеком" АҚ Индер аудандық бөлімшесінің ғимаратының төбе шатырын жұлып әкеткен. Сонымен қатар кенттің барлаушылар бөлігіндегі Қорғантау көшесіндегі тұрғын жайдың да төбесі 6-7 кв метр аумақты құрап едеуір зақымданды. Табиғаттың тосын мінезі мекемені де, үй иесін де зор шығынға батырып отыр.

i

Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім басшысының м/а Парасат Сақыпкереевтің айтуынша аудан әкімдігі бірлесіп тиісті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Дендер-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT