"ШАШУДЫҢ" ШАТТЫҒЫ МЕН АЙЗЕРЕНІҢ ТӘТТІ ҮНІ

VII Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған «Дарындылар әлемі» халықаралық өнер жобасына қатысқан «Есбол-Мәдениет» МКҚК жанынан құрылған «Шашу» би ансамблі мен Айзере Сағат І орынды жеңіп алды.

Облыстық халық шығармашылық орталығында өткен байқауда 3-18 жас аралығындағы таланттылар вокал, би, аспаптық өнер және актерлік шеберлік бағамдары бойынша сынға түскен еді. «Шашу» би ансамблі «Дала сазы» деп аталатын қазақ биін орындап, қазылар алқасының жоғары қошеметіне ие болған екен.

Ансамбльдің жетекшісі Әсел Омар: – Біздің бишілер Атырау, Орал, Құлсары, Маңғыстау, Жаңаөзен қалаларынан келген би топтарымен бірге сынға түсті. Жанжақтан қатысқан би топтарының үлкен дайындықпен келгендері көрініп тұрды. Десек те, тартысты өткен байқау нәтижесінде қыздар шеберліктерімен танылып, дайындықтағыдан да жоғары деңгейде өнер көрсетті, - деді.

anshi

Ал, вокал бағамы бойынша қатысқан Айзере Сағат (жетекшісі Сайран Түсіпқалиев) «Құтты ұям» әнін орындап, Атырау қаласы, Мақат, Құрманғазы аудандарынан келген өнерлі балалар арасында оза шапты. Жеңімпаздар мен жетекшілері арнайы диплом, кубоктарға ие болса, «Шашу» би ансамблінің мүшелері медальмен марапатталды.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз