Президент Жолдауында айтылған «Міндетті талаптар тізімі» бизнесті артық тексерістерден қорғаудың тиімді құралы болмақ. Қазіргі таңда кәсіпкерлер үшін заңнамалық талаптардың күрделілігі, бір-біріне қайшы нормалар және шамадан тыс бақылау ісі бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырғаны жасырын емес.
Осы тұрғыда мемлекет басшысының заңдарды жасанды интеллект көмегімен реттеу бастамасы – уақыт талабына сай шешім. Бұл құқықтық базаны жеңілдетіп, артық нормаларды қысқартып, кәсіпкерлердің жұмысына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар министрлер мен әкімдердің жеке жауапкершілігін арттыру бизнеске көрсетілетін қысым мен әкімшілік кедергілерді азайтуға ықпал етеді. Егер аталған бастамалар толық орындалса, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі артып, жаңа жұмыс орындары ашылады және елдің экономикалық дамуына тың серпін береді.
Ақжібек Керімбайқызы
"Аманат" партиясы