«Семсердің» сардары

Жас ұрпақты  Отан қорғауға, патриоттық рухқа тәрбиелеуге, жауынгерлік өнерге баулуға алғашқы әскери дайындық пәні мен мектептердегі әскери  патриоттық клубтардың алар орны зор.

Осы пәннің мұғалімдері арасында  М.Әуезов атындағы орта мектептен Әжіғалиев Саламат Қасқырбайұлының шәкірттері үнемі алдыңғы шептен көрініп жүргені қызығарлық әрі  іс-әжірибесі үлгі тұтарлық. 

 Мысалы, өткен оқу жылында оның шәкірттері аудан ғана емес, облыстың намысын  Қарағанды облысы  Спаск әскери полигонында халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық сайыста қорғады.  Барлығы 18 команда сайысқан додада  7-інші орынға табан тіреді. Оның ішінде пневматикалық мылтық атудан, әскерилендірген эстафетадан 1 орынмен шықса, автоматты шашып-жинау, әскери кешен кию, робототехникадан жүлделі орындардан көрінді. Бұл жетістікке аудандық мектептің қатардағы мұғалімі қалай жетті?

Пән мұғалімі Саламат Қасқырбайұлының тәжірибесінде мектептегі «Семсер» патриоттық клубына 5 сыныптан бастап жауынгерлік өнерге икемі бар балаларды баулиды екен. 5-6 сыныптар арасында ұйымдастырылатын «Жас жол инспекторлары» сайысы да балаларды тәртіпке, саптық дайындыққа үйретеді. Бұл кезеңдегі шәкірттері  ауданда,  облыста топ жарумен қатар  республикалық жарыстарға да жолы түсті. Одан шыңдалған шәкірттері 7-8 сыныптар арасында «Алау» және 16 жасқа дейін «Жасұлан» әскери патриоттық сайысында сыннан  өтеді.  Осы екі кезеңнен де шәкірттері облыста ең үздік шықты. Ал жоғары сыныптар арасында «Айбын» сайысындағы көрсеткішін  жоғарыда айттық.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика