Семинардың берері мол

Аудандық мұражайда Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Архив-2025» жобасы аясында Атырау облысы мемлекеттік архивінің «Мекеме, ұйымдарда архив ісі мен құжаттаманы басқару Қағидалары және «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі туралы» ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Оған мемлекеттік мекеменің іс-жүргізушілері мен архив саласына жауапты мамандар қатынасты.

Іс-шарада мемлекеттік архивінің басшысы Н.Иғалиева кіріспе сөз сөйлеп, архив қорында сақтаудағы құжаттардың құрамын, елге елеулі еңбегі сіңген саяси қоғам қайраткерлерінің жеке тектік құжаттары да ұмыт қалмай қамтылуы қажеттігі туралы айта келе, жалпы архив ісінің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, Атырау облысы мемлекеттік архивінің Ведомстволық архивтерді қалыптастыру және бақылау бөлімінің басшысы Р.Нұржанова, облыстық мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерді қалыптастыру және бақылау бөлімінің сарапшысы Ж.Жетпісбаева, «Істер номенклатурасын жасақтаудағы проблемалар» және облыстық мемлекеттік архивінің Жаңа технология бөлімінің басшысы Н.Мұханбедьярова түрлі тақырыпта дәрістер оқып, ой-пікір бөлісті.

Семинарда іс-қағаздардың рәсімделуі мен оның тәртібі туралы архив қызметкерлері жан-жақты мәлімет беріп, тәжірибе жүзінде көрсетті. Кеш соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT