Себебі көп, керегі-сақтық

Қазіргі кезде тұрмыстық ортада химия және физика үрдістері негізінде әзірленген материалдар өте көп. Кең көлемде мұнай, мұнай өнімдері мен табиғи және жасанды газдар пайдаланылады. Осыған байланысты өрт қауіпсіздігінің деңгейі едәуір өсіп кетті.

Әрбір үйде тоңазытқыштар мен электр шәйнектері, теледидарлар мен компьютерлер, сонымен қатар газ плитасы секілді адамға қажетті заттар бар. Дұрыс қолданбаған кезде олар өрт көзіне айналып кетуі әбден мүмкін. Тұрғын үйлердегі, әсіресе, көп қабатты үйлердегі өрттер тұрғындардың үрейін ұшырады. Бұл кезде адамдар байбалам салып, есік-терезеге жүгіретіні мәлім. Осының салдарынан кептелістер мен бірін-бірі түсінбеушілік жағдайлары орын алады. Осы кезде кейбір адамдар іште қалып, ыстық ауаға тұншығып қаза болуы немесе ауыр жарақаттануы мүмкін.

Көптеген жағдайда адамдар өрт кезінде оттан емес, улы заттардың зардабынан жапа шегеді. Әрбір 6-8-ші өрт балалардың отпен ойнағанынан болады. Балалар ересектерге еліктеп, темекі тартатыны құпия емес және соның салдарынан үлкендерден қорқып, кез келген жерге өшірілмеген темекіні тастап, өрт болуына жол береді.

Бұның бәрі өрттің неден шығатынына мыңнан бір мысалдар. Ал оның алдын алу өз қолдарыңызда. Бастысы, сақтық санада сайрап тұрғаны жөн.

Н.ҚҰСПАНОВ

Индер аудандық № 5 ӨСБ-нің бөлімше командирі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521