Санақтың 2 кезеңіне 45 адам жұмысқа тартылмақ

2020 жылы елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай қалыптасып, осыған байланысты және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 шiлдедегі №20-2783 (19-377) тапсырмасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі ұлттық халық санағын өткізу мерзімін 2021 жылғы қазанға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу «Қазақстанда әркім маңызды!» атты ұранымен екі кезеңді қамтып отыр. Бірінші кезең ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында ауданға қарасты елді мекендердегі тұрғын үйлердің, ғимараттар мен тұрғын емес үйжайлардың тізімі жасақталып, тұрғындардың саны нақтыланса, екінші кезең ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізіледі.

Сонымен қатар, ақпараттың қайталануын болдырмау мақсатында алғаш рет санақ парағына респонденттердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) енгізу қарастырылған. Ұлттық халық санағы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін www.sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында өтсе, интервьюерлер 1-30 қазан аралығында планшетпен аралайды. Аудандық статистика басқармасының басшысы Жұбатқан Шамұратовтың айтуынша, санақтан онлайн режимде өту үшін респонденттер сайтта тіркелуі қажет. Тіркеуден және авторизациялаудан сәтті өткеннен кейін электронды санақ парақтары толтырылады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде Халық санағы деректерінің орталықтандырылған базасына түседі.

-Интернет желісіндегі www.sanaq.gov.kz мамандандырылған сайты халыққа өзін-өзі толтыру әдісімен санақтан өтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, респонденттерге смартфон арқылы да кез-келген браузерден www.sanaq.gov.kz сайтына сілтеме бойынша өту мүмкіндігі ұсынылған. Санақ парақтарын электронды түрде толтыру уақыт үнемдеуге, респонденттің өз үйінен немесе жұмыс орнынан шықпай барлық жанұя мүшелері үшін бір жерде мәліметтер ұсынуға мүмкіндік туғызады. Онлайн режимінде санақ парақтарын толтыру аяқталғаннан кейін респонденттерге ұялы телефонның жеке нөміріне (СМС арқылы) және тіркеу кезінде көрсетілген респонденттің электрондық поштасына санақтан өткені туралы бірегей нөмірі бар хабарлама жіберіледі. Интервьюер үй шаруашылықтарына барған кезде респондентке хабарламаның бірегей нөмірін ұсыну жеткілікті. Осылайша, Интернет-сауалдан өткен және хабарламаның бірегей коды бар респонденттерден интервьюер жауап алмайды,-дейді.

Аудандық статистика басқармасының басшысының мәліметінше, аудан бойынша Ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі 3 нұсқаушы (уәкілетті тұлға) еңбек келісім-шарты негізінде жұмысқа қабылданыпты. Олардың айлық жалақы мөлшері еңбек өтіліне және біліктілік деңгейіне сәйкес, жоғары білімі барлар үшін 79 813 - 94 024 теңге аралығында, ал орта арнаулы білімі барлар үшін 64 435 - 71 637 теңге аралығында белгіленіпті. Ұлттық санақтың бірінші кезеңінде аудан бойынша 1 нұсқаушы-бақылаушы мен 7 интервьюер жұмыс атқарса, 2-кезеңіне 45 адамды жұмысқа тарту жоспарланған.

Олардың ішінде: нұсқаушы-бақылаушылардың саны – 6 адам (24 қыркүйек – 7 қараша аралығында (1,5 ай), жалақы мөлшері 125 010 теңге); интервьюерлердің саны – 39 адам (1-30 қазан аралығында (1 ай), жалақы мөлшері 104 178 теңге). Халық арасында жаппай-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін баннерлер мен басқа да насихаттау материалдарын дайындау және орналастыруға арналған қаржыландыруды қарастыру аудан әкімдіктеріне жүктеліп, осы мақсатта аудан орталығы мен барлық елді мекендерде күні бүгінге 8 баннер орнатылған.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521