Салық төлеуші салық міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауға міндетті

сурет ашық дереккөзден алынды

Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің конституциялық борышы әрі міндеті болып табылады.

Салық кодексінде салық төлеуші салық міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауға міндетті екендігі белгіленген.

Өз кезегінде, мемлекеттік кірістер органдары мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуға міндетті.

Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдеріне мыналар жатады:

- салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің төленбеген сомасына өсімпұл есептеу;

- банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

- касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

- мүлікке билік етуді шектеу.

Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) банк шоттарындағы ақша есебінен;

2) дебиторлардың шоттарынан;

3) билік етуі шектелген мүлікті өткізу есебінен;

4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде шығарылады.

Мәжбүрлеп өндіріп алудың жоғарыда көрсетілген тәсілдері мен шаралары Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, резидент еместерге, дара кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдарға қатысты қолданылады.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде, яғни салық төлеушінің тәуекел дәрежесіне қарай сараланған түрде қолданылатынына назар аударады.

Мәселен, Салық кодексінде мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары тәуекел дәрежесі жоғары және орташа салық төлеушілерге қолданылатыны көзделген.

Егер санаттау нәтижелері бойынша салық төлеушінің қызметі тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған жағдайда, онда мұндай салық төлеушіге қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары қолданылмайды.

Сонымен бірге, салық төлеушінің күнтізбелік отыз күн ішінде салық берешегін өтемеуі Мемлекеттік кірістер комитетінің салық төлеушінің тәуекел дәрежесін қайта қарауы және оны тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа салық төлеушілер санатына ауыстыруы үшін негіз болып табылады.

Мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары оларды қолдану мерзімдері көрсетілген салық берешегін өтеу туралы табыс етілген хабарлама негізінде қолданылады.

Мысалы, тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушінің банк шоттары мен кассасы бойынша шығыс операциялары салық берешегін өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейін, ал тәуекел дәрежесі орташа салық төлеуші салық берешегін өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін тоқтатыла тұрады.

Бұл ретте электрондық тәсілмен жіберілген хабарламалар «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасына жеткізілген күннен бастап табысталды деп есептеледі.

Уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған салық төлеушілер үшін Салық кодексінде кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзартуды беру нысанында жүзеге асырылатын салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту көзделген.

Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын бір мезгілде төлей отырып, кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып, мерзімін ұзарту үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі

Төлем көзінен ұсталатын салықтарды төлеу, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға салынатын акциздер, қосылған құн салығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін салықтар бойынша кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды төлеуді ұсынуға болмайды.

Салықтарды төлеу бойынша кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою арқылы және (немесе) банк кепілдігімен жүргізіледі.

Бұл ретте Салық кодексінің 51-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2022 жылғы 1 наурыздан бастап бір жылдан астам мерзімге бөліп төлеу салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның жылжымайтын мүлкін кепілге салу және (немесе) банк кепілдігі арқылы ғана берілуі мүмкін.

 

 

   Г.Жангалиева,

Индер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  бас маманы

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521