Сайлауда дауыс беру – азаматтық борышымыз

"Сайлауға барып, дауыс беруді – азаматтық борышымыз деп білеміз", – дейді өз таңдауын жасап, сайлау учаскесіне келген тұрғындар.

Жарсуат ауылындағы №116 сайлау учаскесінде бүгін ерекше белсенділік байқалды. Сайлау күні Жарсуат ауылының тұрғындары – ардагерлер мен қарттар, жастар мен көпбалалы аналар – барлығы біркісідей белсенділік танытып, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдауға атсалысты. Бұл сайлау ауыл жұртының ұйымшылдығын, елжандылығын және жауапкершілікке деген көзқарасын айқын аңғартты.

Жалпы түске дейін 447 тұрғын сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасап үлгерді. 

Ауылдың қарапайым тұрғындары Бисенбай Молдағалиев мен Алмагүл Қуанышқалиева отбасымен бірге ертемен келіп, өз дауысын беріп, ауылдың жарқын болашағына сенім білдірді. Олар елдің дамуына үлес қосу әр азаматтың міндеті екенін атап өтті. 

Алғашқы болып келген отбасыға учаскелік комиссия мүшелері арнайы естелік сыйлық табыстаған болатын.

"Дендер"-Ақпарат

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT