Сүреден сүрінбегендер

«Әйіп қажы» мешітінің ұйымдастыруымен «Құранның «30 пара» аталымы бойынша құран оқу жарысы өткізілді.

«30 пара», «Духа» мен «Нас» сүресін жатқа айту аталымдары бойынша сынға түскен қатысушылардың қабілеті мен қырағылығын аудандық «Әйіп қажы» мешітінің наиб имамы Ерлан Сағынов пен Бекжан Бектұрсынов, Мұрат Қанатұлы сынды қарилар бағалады. Әрбір әрпі сауапқа тұнған қасиетті Құран кәрімді жаттаған қатысушылар арасынан бабы мен бағы қатар жанғандар жеңіс тұғырынан табылды.

Атап айтсақ, «30 параны» жатқа айту бойынша Бақберген Батырғали І орын (100 000 теңге), Елнұр Қонысұлы ІІ орын (70 000 теңге), Нариман Бақсиқов ІІІ орынға ие болып (50000 теңге), сертификатпен марапатталса, «Духа» «Нас» сүресін жатқа айтудан Ильяс Сағатов І орын (60 000 теңге), Мансұр Жұбан ІІ орын (40 000 теңге), Сұлтанбек Есқайыр ІІІ орын (20 000 теңге) иегері атанды.

Аталған жарыстың өткізілуіне индерлік кәсіпкерлер Қазбек Сақып, Саламат Қосмағанбетов пен Жәнібек Мақсатұлы демеушілік білдірді.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT