Құрылысшыға құрмет

Аудандық ардагерлер кеңесінде қарттар күні мерекесіне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты дөңгелек үстел өтіп, онда әңгімені төраға Ө.Нұриев Елбасымыз Н.Назарбаевтың биылғы қарияларға арнаған Үндеуімен бастап, қонақтарды мерекелерімен құттықтады.

Алғаш сөз алған ауданның Құрметті азаматы Ерсайын Көшек осындай шаралар жиі өтіп тұратындығын айта келе, замандастарына жылы лебізін арнаса, ардагер-ұстаз Қабижан Қапиз мұғалімдер арасындада әр кез жиі кездесу кештері өтіп тұрса деген ойын жеткізді. Ал К.Есқайыров ұрпағымыз имандылық пен ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді санасына сіңіріп өсу үшін қоғам болып еңбек сіңіру керектігін айтты.

Дөңгелек үстелге жиналғандардың бірі Әсия Аманғалиева Астанада 60-тан асқан тұрғындарға осы мерекеге орай 5000-нан сыйақы берілетіндігін әпкесінен естігенін, бізде неге осы қалыпқа қойылмағандығы жөніндегі сұрағын қойып, ен болмаса 80-90 жастағы үлкендерге берілсе деген ұсынысын айтты.

 Ардагер журналист Кеңес Сахи өнеге боларлық бір әңгімені баяндап берді.

Шара соңында төраға ауданға еңбегі сіңген құрыш білекті ана Жәнияш Сұлтанғалиеваны торқалы тоқсан жасымен құттықтап, Құттықтау хат табыс етті.

 

Ақмарал БОКИРОВА.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика