Индер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі оқушыларды алдағы қашықтықтан оқытуға қарамастан өрттің пайда болу қаупін азайту мақсатында білім беру объектілерінің басшыларымен (мектептер,бөбекжайлар) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша бейнеконференция байланыс режимінде нұсқама, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жүргізілген нұсқама жұмыстары кезінде мамандар төмендегіше түсінік жұмыстарын жүргізді.
Онда эвакуациялау жолдарының жай-күйіне, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуына, сондай-ақ қызмет көрсететін персоналды өрт және өзге де төтенше жағдайлар туындаған жағдайда іс-қимылдарға үйретуге ерекше назар аударуға. Бұрын ұсынылған өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған, анықталған кемшіліктерді жою туралы ұйғарымдамада көрсетілген іс-шараларды елемеген жағдайда бөліммен Заңның құзірет шегінде қарастырылған барлық шаралар қолданатынын жеткізді.
Индер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі