Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Павлодар облысында

Бүгін Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Павлодар облысының жұртшылығымен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және жастарымен  кездесулер өткізді.
Үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері ел өңірлерінде сайлаушылармен 13 мыңнан астам кездесу өтті. Олардың басты мақсаты – кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бастамаларын тұрғындарға жеткізу.
Екібастұз қаласында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері әлемдегі ең үлкен «Богатырь» ашық көмір кенішінің еңбек ұжымымен кездесті. Кеншілерге кандидаттың бағдарламасындағы жұмысшылардың құқықтарын қорғау және өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға қатысты басымдықтары туралы айтып берді.
«Азаматтардың адал өнімді еңбегі құрметтелуі, қорғалуы және оған лайықты еңбекақы төленуі тиіс. Қызметкерлердің мансаптық болашағы мен табысы олардың кәсібилігіне, жауапкершілігі мен әбжілдігіне байланысты болуы керек. Жастарды еңбекқорлыққа баулыған жөн»,- деді Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Асхат Оралов.
Өңір жұртшылығымен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылаған Республикалық қоғамдық штаб мүшелері трамвай басқармасы мен электролиз зауытының ұжымдарымен кездесу өткізді. Жүздесу барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы жаңа өңірлік саясатқа арналған бөлімі талқыланды.
Ал, белсенді жастармен кездесуде  жастар саясатындағы, ал кәсіпкерлерімен жүздесуде экономика саласындағы сайлауалды бастамаларға тоқталды.
Осы күні Павлодардағы кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінде Асхат Оралов өңір тұрғындарынан келіп түскен ұсыныстармен және тілектермен танысты.

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

25qazan-respublika

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика