РЕФЕРЕНДУМ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жарлығына сәйкес 6 қазан бүкіл халықтық референдум болып жарияланғаны белгілі. Аталған саяси шара ауданда зор белсенділікпен басталды. Жотасы биік, кенбайлығымен аты шыққан ауданда 18 дауыс беру сайлау учаскесінде 20284 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 325 жас алғаш рет дауыс беру құқығына ие болып отыр. Өзіміз куә болған аудандық жастар орталығында орналасқан 111 дауыс беру ең алдымен мемлекеттік әнұранның шырқалуымен ашылды. Ресми ашылуы аяқталған соң учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Руслан Ғазизов дауыс беру тәртібімен түсінідіріп өтті. Дауыс берушілердің алғашқы легінде Индербор кентінің 78 жастағы тұрғыны Қуанғали Ғабдысаламов арнайы бюлетенді алып өз таңдауын жасады. СНХ:-ҚУАНҒАЛИ ҒАБДСАЛАМОВ, ЗЕЙНЕТКЕР. -Президентіміз тағайындаған жалпы халықтық референдум өткізу күні келіп жетті. Кенттегі 111 сайлау учаскесіне келіп дауыс беріп тұрмын алғашқылардың бірі болып. Халықтың референдум жөнінде толық хабардар. Насихат жұмыстары жүргізілді. Халықтың көптен ойында жүрген мәселе. Атом электр станциясын салу бәрімізге де болашаққа деген жақсы бағдар, пайдасы зор,- дейді ақсақал. Референдум өткізу жөніндег комиссия мүшелерінің айтиуынша аталған учаске бойынша дауыс беруге тиіс тұрғындардың барлығына арнайы шақырту жіберілген. Учскеде мүүмкіндігі шектеулі жандар үшін де арнайы дауыс беру кабинасы да жасақталған. -111 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Участокте 1496 дауыс беруші бар. Соның ішінде 18 адам алғаш рет дауыс береді. Одан кейін 93 жастағы үлкен апаймыз бар. Жалпы дауыс берушілерді қабылдауға дайынбыз, дейді учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Руслан Ғазизов. Алғаш дауыс берген азаматтарға референдум өткізу жөніндегі участок атынан арнайы сыйлықтар ұсынылды. Байқаушыларда дауыс беру барысын қадағалауда. Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT