Аудандық жастар орталығында орналасқан 111 референдум комиссиясы өз жұмысын қорытындылады.
Ертмен таңғы 07 :00 де басталған референдум кешкі сағат 20:00 де аяқталды. Комиссия төрағасы Руслан Ғазизовтың айтуынша учаскеде дауыс беруге құқылы 1494 сайлаушы тіркелген. Олардың ішінде 1078 яғни 72, 16 % қатынасып өз таңдауларын жасаған.
Қатынасушы сайлаушылардың ішінде 825 сайлаушы елімізде атом электр станциясын салуды қолдаса керсінше 241 сайлаушы қарсылық білдіргені мәлім болды. Үш бюлетен жарамсыз болып танылған. Сондай-ақ 427 бюлетень жойылған. Осы учаске бойынша 18 жас алғаш рет дауыс беру құқығын иеленді.
Үш сайлаушының өз өтініштері бойынша жылжымалы жәшік апарылып дауыс берулеріне жағдай жасалды. Түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардан 5 байқаушы референдумның өтуін қадағалады. Дәл осы күні шаңырақ көтерген жас жұбайлар Тілек Төлеуов пен Мөлдір Сансызбаева референдумға қатысып өз болашақтарын қазақ елімен байланыстыратынын атады.
С.КӨШЕКОВ.