Атырауда орталық “Иманғали” мешітінде Рамазан айының құрметіне қайырымдылық акциясы өтті.
Іс шара аясында зағип жандарды біріктірген “Сенім шыңы” қоғамдық бірлестігі мүшелеріне 50 азық-түлік себеті табыс етілді.
Азық-түлік себеттерін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы табыстап, жабырқаулы жандарды қиындыққа мойымауға, жақсылықтан күдер үзбеуге шақырды.
“Әр қиындықтың артында жеңілдік бар. Сіздерді сабырлы болуға шақырамын. Біздің мақсатымыз – Рамазан айында ғана емес, әркез сіздерге мейірімді, жылулықты сезіндіру” деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.


Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.