Асанқайғы бабамыздың: "Отамалы-ойылған қыс, сәуір-сәнді қыс, саратан-зауза сенен де қорқамын",-деп қауіптенген мезгілдерінің өзіндік мінездері бар. Міне, «Бес қонақ» өткен соң, «Құралайдың салқыны» келді.
Әріден бізге жеткен мәліметтер бойынша мамыр айының үшінші он күндігіне соғатын бұл мезгілде киіктер лақтап, құралайын суық желге тұрғызып жүгіртеді. Бір қызығы киіктер желге қарсы шапқан жағдайда ғана олар төлдеуге қабілетті болады екен. Ал төлдері аптап ыстыққа шыдамайды, сондықтан да табиғаттың тылсым күшімен қатты суық жел тұратынына қалай таң қалмассы ң. Жалпы киіктердің төлдеуі екі-үш күнге ғана созылып, осы салқында төлдеп үлгереді. Бір ғажабы етке құмар дала жыртқышының дәл осы уақытта тәбеті қ а ш а т ы н көрінеді. Ал бұл с ә т т е ақбөкендер жаппай төлдеп, құралай аяғынан тұрып үлгереді.
Аңызда Адам атаны алғаш көрген ақбөкен екен деседі. Ал, сан ғасырлардан бері жойылып кетпей бүгінге жетуі олардың егіздеп төлдеп әрі бірінің лағын бірі бауырына баса беретіндігінде болса керек. Пайғамбардың қолы тигендіктен, ақбөкеннің тұмсығы өзге аңдардан ерекше, сұлу болып бітіпті. Арқасынан сипағанда, денесінен хош иіс шығыпты. Аяғынан сипағанда тұяғына қасиет бітіпті. Қуса жеткізбейтін жүйрік жануарға айналыпты. Тұяғы мың бір ауруға ем болыпты. Көзінен өпкенде жанарына көрік бітіп, сұлу жануарға айналып шыға келіпті. Мүйізінен ұстағанда оған да шипалық қасиет дарыпты. Пайғамбардың алақаны беліне тигенде, буаз кезінде іштегі елігінің жынысын қалауына қарай өзгерте алатын болыпты. Содан бастап, киікке кие бітіп, қасиетті түз тағысы саналыпты. Оны нақақ өлтірген адам Адам атаның қарғысына ұшырайды деген түсінік те шындыққа жанасады. Өйткені, қырда киік қуып, атып өлтіргендер киіктің киесі қағып, әртүрлі жағдайларға тап болғанын да ел іші айтылып отыратын. Алайда осы күміс бауырға деген өшпенділік әлі басылған емес. Соның кесірінен оның саны мүлдем азайып, құрудың аз-ақ алдында тұр. Мемлекет тәртіпті қаншалықты күшейткенмен қарақшылар орайын тауып, орағытып кетіп жүр. Осы қыста сондай қаскөй азаматтар ұсталған болатын.
Атырау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының Индер бөлімінің басшысы Т.Шайдуллиннің айтуынша, киіктер Елтай ауылдық округінен батысқа қарай «Шұбалаңға» дейін келіп, сол маңда төлдеп, одан әрі Жаңақала жеріне қарай ойысады.
Ж.АМАНТУРЛИН