Құрметті жол қозғалысына қатысушылар!
Соңғы уақытта жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты, аудан аумағында қараша айының 18-23 күндері аралығында Қауіпсіз-жол ЖПІШ-сы өткізілуде. Осыған орай, патрульдік полиция қызметкерлері барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге келесі ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді:
– Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз;
– Жылдамдықты асырмаңыз;
– Жаяу жүргіншілер өткелінде міндетті түрде жол беріңіз;
– Айналаңызға мұқият болыңыз!
Бір минуттық-асығыстық, өмір бойғы өкінішке әкелуі мүмкін, Сақ болайық!
Ғалымжан ЖҰМАҒАЛИЕВ,
аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы

