Әр тұрғынның пікірі маңызды

Жетінші шақырылған аудандық мәслихат депутаттары 28 қыркүйек күні әр ауылға барып, депутаттық қабылдауларын өткізген болатын.

Онда қабылдауға келген тұрғындар өздерін толғандырып жүрген мәселелерін бүкпесіз жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қабылдауда көтерілген негізгі мәселелер: интернет желісінің нашарлығы, жаңа үлгідегі балалар ойнайтын ойын алаңын, ескірген электр желілерін және жарық шамдарын жаңарту, округтердегі жайылымдық жерлер, тазалық, жаңадан салынып жатқан мөлтек аудандардың инфрақұрылымын жасақтау, кентішілік тас жолдарды жаңарту-жөндеу, сонымен қатар, тұрғын үйге мұқтаж жанұяларға баспанамен көмектесу, жастарды жұмыспен қамту, т.б. мәселелері айтылды.

Сонымен қатар, тұрғындарды толғандырып отырған негізгі мәселе – ауыз суға төленетін төлемақының жағдайы. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы №470 бұйрығына сәйкес, 1 текше метр су үшін төлемақы қайта есептеледі, яғни, ауыз суды субсидиялау уақытша тоқтатылды. Енді тұрғындар суға төлемақыны толықтай төлейтін болып отыр. Мұның өзі халықтың қалтасына оңай тимесі анық, бірақ тиісті органдар бұл мәселенің оң шешілуіне жұмыстанып жатқанын айта кеткен жөн. Жалпы қабылдауда айтылған ұсыныс-пікірлер, тұрғындардың талап-тілектері зерделеніп, тиісті округ әкімдеріне, бөлім, мекеме басшыларына жолданады, – дейді аудандық мәслихат аппаратының басшысы Гүлшара Мақажанқызы.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521