Прокурор сайлау заңнамасын түсіндірді

 

 

 

Конституцияның 83-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан  заңдылықтың сақталуын жоғарықадағалауды жүзеге асырады және сотта мемлекеттің мүддесiн білдіреді.

Бұл функциялардың орындалуын прокуратура органдары сайлау процесінде де қамтамасыз етеді.

«Бұл тұрғыда, азаматтардың сайлауқұқықтарының сақталуын қамтамасыз етеотырып, осы науқанға қатысты заңбұзушылықтардың алдын алу мен болдырмаудыңмән-маңызын жеткізу прокуратура органдарыныңбасты міндеттерінің бірі» - деп мәлімдеді Атырау облысының прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ.

Осыған орай, облыс тұрғындарына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының басты талаптары мен оларды бұзған жағдайда туындайтын жауаптылық туралы жеткізу маңызды.

Қазіргі уақытта сайлау науқанының ең белсенді кезеңісайлау алдындағы үгіттеу жұмыстары жүргізілуде.

Оны өткізу тәртібі Конституциялық заңмен реттелген және оларды сақтамау жауапкершілікке әкеп соғады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте сайлау алдындағы үгіттің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін 9 бап көзделген.

Олар келесі құқық бұзушылықтар:

- сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу (102-бап15-тен 35 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі айыппұл);

- сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергі келтіру (103-бап – 20-дан 50 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі айыппұл);

- БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу (112-бап – 2-ден 50 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі айыппұл). Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт жүргізу шарттары Конституциялық заңның 27-бабында (7-тармағы) белгіленген;

- анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату (113-бап  25 айлық есептік көрсеткішмөлшерінде айыппұл);

- үгіт материалдарын қасақана жою, бүлдіру (114-бап – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл);

- сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалсалуды жүргiзу шарттарын бұзу (120-бап – 10-нан 30 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл);

- сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу (122-бап – 20-дан 30 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл);

- үгіт материалдарын орналастыру (ескерткіштерде, обелисктерде, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда, 124-бап – 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл);

- сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттыжұмсау тәртібін бұзу (125-бап 5 айлық есептіккөрсеткіш мөлшерінде айыппұл).

Аталған құқық бұзушылықтардың субъектілеріқатарына азаматтар, лауазымды тұлғалар жәнекәсіпкерлер жатқызылған.

Баптардың санкцияларында 10-нан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін (30-дан 153 мың теңгеге дейін) айыппұл қарастырылған.

Сайлау құқықтарына қол сұғатын осы және басқа да әкімшілік құқық бұзушылық істерді қозғау (101-126 – баптары) прокурордың айрықша құзыретіне жатады (805-бабы) және оларды сот қарайды.

Азаматтар өздерінің сайлау құқығы бұзылған жағдайда өз бетінше тікелей сотқа да жүгіне алады (ӘҚБтК-нің 807-бабының 1-бөлігінің 4-тармағы).

Бұл жағдайда аталған санаттағы істерді соттар міндетті түрде прокурордың қатысуымен қарайды (сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлық құрамы бойынша: ӘҚБтК 101-126 - баптары).

Әкімшілік жауаптылықпен қатар сайлау заңнамасын бұзғаны үшін екі жағдайда қылмыстық жауаптылық та көзделген.

Бірінші сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіру (ҚКің 150-бабы – 100 АЕК айыппұлдан бастап, түзету жұмыстарын, бас бостандығын шектеуді қоса алғанда, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру).

Екінші – сайлау құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу (ҚК-тің 151-бабы – 4 мың АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салу не түзеу жұмыстары / немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу).

Қадағалау ведомствосының басшысы «қазіргі уақытта облыс бойынша сайлау науқаны құқықтық шеңберде өтуде. Сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелмегенін» - атап өтті.

Сайлау процесінің заңдылығын одан әрі қамтамасыз ету үшін қала аудан прокурорларысайлау туралы заңнаманың мүлтіксіз сақталуынабағытталды.

Әрбір заң бұзушылық фактісі бойынша тиістішаралар қабылданатын болады.

 

 

Атырау облысының прокуратурасы​​​​    

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT