Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабын басшылыққа ала отырып, Индер ауданы прокуратурасы келесіні түсіндіреді.
06.06.2020 жылдан Қазақстанда хабарлама түрінде митингілер мен пикеттерді ұйымдастырып, өткізу «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының Заңы енгізілді. Заңның 10 және 11-баптарына сәйкес ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға шараның өткізілетін күніне дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында береді, ол 3 жұмыс күні ішінде қаралады. Хабарламаны қарау мерзімі өткен соң жергілікті атқарушы органның жауабы болмаған жағдайда, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізеді (Заңның 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы). Бұл хабарлама сипатының мағынасы.
Демонстрациялар мен шерулер үшін келісілген тәртіп көрсетілген. Бұл үшін өткізілетін күнге дейін 10 жұмыс күн бұрын арыз беріледі, олар бойынша жергілікті атқарушы орган 7 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті (Заңның 12,13-баптары). Бұл ретте, бейбіт жиналыстар арнайы орындарда ғана өткізілуі тиіс. (Заңның 9-бабы).
Жергілікті өкілді органдар мұндай орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтыру нормаларын және материалдық-техникалық пен ұйымдық қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын рәсімдеу, сондай-ақ пикеттеуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекараларын айқындау жұмыстарын орындайды (Заңның 8-бабы). Одан басқа, демонстрациялар мен шерулерді өткізу ыңғайлылығын көлік пен инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуін, азаматтардың қауіпсіздігін, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жол жүру маршруттары да анықталады (Заңның 1-бабының 3-тармағы, 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы, 9-бабының 2-тармағы, 9-бабының 2-тармағы, 13-бабы, 1-тармағының, 4)тармақшасы).
Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу аталған іс-шаралар аяқталғаннан кейін ғана мүмкін болады. Сондай-ақ бейбіт жиналыстарға белгіленген заң тәртібін бұза отырып, ұйымдастырғаны және (немесе) қатысқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 488-бабы бойынша жауаптылық ретінде 15 тәулікке қамауға алу жазасы көзделген.
Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүрсе, Қылмыстық кодекстің 400-бабымен белгіленген қылмыстық жауаптылық туындайтыны назарға беріледі.
Индер ауданы прокуратурасы