«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң бойынша азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру

Сурет gov.kz сайтынан

Халықпен тиімді кері байланыс, ашықтық және қолжетімділік прокуратура органдарының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның қабылдануы мемлекеттік органдар жүйесіндегі прокуратураның рөлін айқындайтын аса маңызды құқықтық акті болып табылады.

Прокуратура жұмысының басты мақсаты - қоғамда және мемлекетте заңдылыққа қол жеткізу.

Азаматтардың жолданымдарымен жұмыс істеу прокуратураның құқық қорғау функциясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Бұған дейін прокуратура органдары жолданымдарды қарау кезінде шектелген болатын. Физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын, шектелмеген адам қатарының, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болған жағдайларда ғана араласуға жол берілді.

Енді бұл шеңбер кеңейтілді. Бүгінде прокуратура кәмелетке толмаған адамдардың құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қорғау және республиканың конституциялық құрылысы мен ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қатерді болғызбау мәселелерін қарайды.

Облыс прокурорының өтініштерді қарау және іс жүргізу жөніндегі аға көмекшісі АСЕМГҮЛ АБДРАХМАНОВАНЫҢ айтуынша «Прокуратура органдарының ашықтығы оң қоғамдық пікір қалыптастырды. Бұған азаматтар мен заңды тұлғалардан жолданымдарының көп түсуі, олардың прокуратура органдарына алғыс білдіруі дәлел бола алады».

Мәселен, осы жылдың өзінде прокуратураға 5 мыңға жуық азамат жүгінді, олардың 1800-ден астамын прокуратура басшылығы жеке өзі қабылдады, - деп қорытындылады қадағалау ведомствасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521