ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕБІНДЕГІ ТҰЛҒАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының басшыларымен өткізген арнайы кеңесте «Заң және тәртіп» қағидатықоғамның идеологиялық және саяси ұстанымына айналуы қажет. Әрбір қазақстандық «Әділетті Қазақстан-Заң мен тәртіп үстемдік құратын ел» тұрғындарымыз сенімді түрде айта алатын елге айналуымыз керек,-деп айрықша атап өткен болатын. Осы мақсатта Индер ауданыныңпрокуратурасы жергілікті атқарушы, пробация қызметі және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, пробациялық есепте тұрған тұлғалармен арнайы жиын өткізілді. Кездесуде пробация қызметі есебіндегі тұлғаларға қайталама құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу, оның салдары мен зардабы туралы түсінік берілді. Сондай-ақ олардың әлеуметтік жағдайы, кәсіби білім алуы, жұмыспен қамтылу турасында салалық бөлімдер басшыларының атқарған жұмыстары тыңдалды. Жиынды Индер ауданының прокуроры аға әділет кеңесшісі Нариман Ешманов қорытындылап осы бағыттағы жұмыстар бақылауда ұсталынатынын атап өтті.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT