Президентіміздің бастамасын іске асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуы жолында маңызды бастамаларды көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар мен міндеттерді атап өтті.
Сол бастамалардың бірі – «Қарызсыз қоғам» жобасы. 2023 жылдан бастап «AMANAT» партиясы мен Халық банкі бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» жобасын пилоттық негізде іске қосты. Бұл бастама алғаш болып қолға алынған өңірлердің қатарында Индер ауданы да бар. 2023 жылы ауданымызда бұл жоба жүйелі түрде ұйымдастырылып, нақты нәтижелер көрсетті.
Жоспар бойынша – 500 адамды оқыту көзделсе, нақты нәтиже бойынша 527 адам оқуды аяқтап, жоспар 105 пайызға орындалды. Бұл – ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылыққа деген қызығушылығының артқанының айқын дәлелі.
2024 жылы бұл көрсеткіш те өсті. 550 адам оқытылады деп жоспарланса, 558 адам оқудан өтті. Жоспар – 101 пайызға орындалды.
2025 жылға арналған оқу жоспары – 1013 адам. Мамыр айына дейін соның 815-і оқуды аяқтады, яғни жылдық жоспардың 80 пайызы орындалды. Жылдың екінші жартысынан бастап бұл оқу онлайн форматта жалғасын тапты.
Бұл жоба жай ғана қаржылық білім беру емес. Бұл – азаматтардың экономикалық тәуелсіздікке, жеке жауапкершілікке, және ең бастысы – қарыздан арылып, дұрыс қаржылық шешімдер қабылдай алатын деңгейге жетуіне жол ашатын әлеуметтік бастама. Оқуға қатысқан азаматтар, жеке және отбасылық бюджет жүргізу, қарыз жүктемесінен шығу жолдары, қаржылық жоспарлау, банк өнімдерін дұрыс пайдалану
секілді тақырыптар бойынша білім алды.
Мұндай білім – қазіргі заманда әр азамат үшін өте қажет.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жуырда «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов бұл жобаның қайта қолға алынатынын және оны қаржыландырудың нақты көздері қарастырылатынын айтты. Бұл бізге келесі кезеңде жобаны одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді. Жаңа форматта:
Онлайн оқыту құралдары жетілдіріледі,
Әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аударылады,
Оқыту сапасы мен тиімділігі артады.
Сонымен қатар президент өз Жолдауында ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселесіне ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, оны халық игілігіне беру – елдің стратегиялық міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Осы бағытта AMANAT партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жер аманаты» жобасы үлкен маңызға ие. Бұл жоба әділдік қағидатын негізге ала отырып, жерді нағыз еңбек етемін деген азаматтарға үлестіруге мүмкіндік берді.
«Жер аманаты» партиялық жобасы аясында Индер ауданында бірқатар нақты нәтижелерге қол жеткізілді.
•2023 жылы аудан бойынша жалпы көлемі 2 760 гектарды құрайтын 33 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
•2024 жылы көлемі 2 349 гектар болатын 7 жер учаскесі қайтарылды.
•Ал 2025 жылға жоспарланған 12 000 гектар жердің бүгінгі күні 
5266 гектары, яғни 13 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
Бұл көрсеткіштер жобаның тиімді жүзеге асып жатқанын дәлелдейді. Жоба аясында қайтарылған жерлер ауыл шаруашылығы айналымына енгізіліп, халық игілігіне пайдаланылатын болады.
 
Индер аудандық партия филиалы бұл жобаларды өте маңызды және қажетті деп санайды. Біз алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, жергілікті халыққа нақты қолдау көрсетуге әзірміз. Президентіміздің бастамасын іске асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Сондықтан, «Қарызсыз қоғам» жобасы – тек қаржы емес, әлеуметтік тұрақтылық пен азаматтық жауапкершіліктің негізі деп білеміз.
 
Ақжібек Керімбайқызы
«AMANAT» партиясының Индер аудандық атқарушы хатшысы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT