Президент Жолдауы – жаңа мүмкіндіктер кезеңі

 Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын өзім басшылық етіп отырған ұжымымен бірге тамашаладым.
Жолдауда жасанды интеллект мәселесі, экономика, инвестиция, салық жағдайы, экология, туризм, мәдениет, инфрақұрылым, ғылым мен білім, заң мен тәртіп саласына қатысты саяси сұрақтар қамтылды.
Жолдауда айтылған жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуы — Қазақстанның заманауи технологиялық үдерістерден тыс қалмай, озық елдер қатарына ұмтылып жатқанын көрсетеді.
Президенттің «Қазақстан үш жылда цифрлық ел болуы керек» деген нақты міндеті – барша салаға, соның ішінде кітапханалар жүйесіне де жаңа серпін береді.
Бүгінде кітапхана тек кітап қоры сақталатын орын емес, ол – цифрлық сауаттылықты арттыратын, ақпараттық қауіпсіздікті насихаттайтын, жаңа технологияларға жол ашатын орталыққа айналуы тиіс.
Цифрландыру – тек техника емес, бұл – ойлау жүйесін, қызмет тәсілін жаңғырту. Сондықтан біз, кітапхана саласының мамандары, осы цифрландыру бағытындағы өзгерістердің бел ортасында болып, қоғамды цифрлық білімге бейімдеуде өз үлесімізді қосып келеміз.
Бүгінгі таңда жүйеге қарасты барлық 13 кітапханаларымыз толықтай компьютерлермен, көпфункционалды принтерлермен, интернет жүйесімен қамтылыған. Аудандық кітапханада цифрлы кітапханаларды дамытуға байланысты WEB-RABIS жүйелік бағдарламасы 2019 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Қазіргі таңда бағдарламаның «Комплектование» және «Каталогизатор» модульдерімен жұмыс жасаудамыз. Сонымен қатар, кітапханамызда «Толықмәтінді деректер базасы» үнемі толықтырылып, оқырманға өз қызметін ұсынуда.
Кітап қорын цифрлы форматқа көшіру жұмыстары бойынша, жергілікті авторлармен келісім-шартқа отырып, кәсіби сканер (СКАН) аппараты арқылы кітаптарды сандық форматқа көшіру үстіндеміз. Қазіргі таңда бірқатар кітаптарымыз сканерленіп, оның цифрлық форматтағы нұсқасын ҚҰЭК (Қазақстандық Ұлттық Электронды Кітапхана) қорынан табуға болады. Ол дегеніміз, әр оқырман әлемнің түпкір-түпкірінде отырып осы аталған қорға енген кітаптарды қолжетімді түрде оқи алады.
Қоғамдық сананы жаңғырту, ұрпақ тәрбиесі, ақпараттық сауаттылық – осының бәрі кітапхананың күн тәртібінде тұруы тиіс. Жолдаудан алған серпінмен жұмысымызды жалғастырамыз!
Дина Аренова,
“Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі”
мемлекеттік мекемесінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT