Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында саналы ұрпақ тәрбиелеп, сапалы білім беру бағытында жасанды интеллектіні меңгеру міндеті қойылып отыр.
Болашақта жаңа бағыттағы оқулықтар, бағдарлама даярланады. Индердің өзінде қаншама табиғи байлық бар. Соларды жергілікті білікті жастарымыз игеріп, химиктер мен биологтар болса оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, нұр үстіне нұр емес пе?! Қазір барлық жүйе дерлік цифрлық форматқа көшуде.
Адам өміріне қауіп төндіретін мопед жүргізушілеріне әлі де болса түсінік жүргізу қажет. Қазір цифрлық дәуірде алаяқтар да көбейді. Соларға да тосқауыл қоя алатындай болуымыз керек деп есептеймін. Президент жүктеген міндеттер берілген уақытқа сәйкес шешімін табады деп сенемін.
Нұржамал Аймұратова
ардагер ұстаз