Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде «Ауылдағы ағайынның тұрмыс сапасына ықпал ететін барлық мәселеге баса мән беру қажет. Ауыл халқы қаржылық және мемлекеттік қызметтерден қол үзіп қалмауы керек. Қазір бұл міндет негізінен «Қазпошта» арқылы орындалып жатыр, - дей келе, ел үкіметімен әкімдіктермен бірлесіп пошта бөлімшелерінің шалғай елді мекендерде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Индер аудандық пошта торабының басшысы Нұргүл Ғаббасованың айтуынша, Индер ауданы бойынша Ынтымақ, Аққала, Құрылыс ауылдарында пошта бөлімшесі жоқ болып отыр. Аталған аулдардағы ағайынның жаздырып алған басылымдары мен зейнетақылары аптасына бір рет арнайы автокөлікпен тасмылданып келеді екен. Жалпы ауданда 6 пошта бөлімшесі, 1 опреациялық учаске тұрғындарға қызмет көрсетіп отыр. Аталған бөлімшелерде негізгі штат бойынша 20 адам, келісім-шарт бойынша 9 адам жұмыс істейді.
Ел Президенті берген тапсырма аясында аталған ауылдарда пошта бөлімшесі ашылады деген үміт бар.
С.КӨШЕКОВ