Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе» деген сөзі терең ой мен зор жауапкершілікті білдіреді. Бұл бастама – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызды кезең, қоғамның үнін естіп, ел мүддесін қорғайтын тиімді өкілдік билік қалыптастыруға бағытталған қадам.
Парламенттік реформа – тек құрылымдық өзгеріс емес, бұл халық пен билік арасындағы сенімді нығайтудың, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын орнықтырудың нақты тетігі. Президенттің бастамасымен бұл бағыттағы жұмыстарға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялар, заңгерлер мен қоғам өкілдері кеңінен тартылып отыр. Бұл – ел ішінде шынайы пікірталас пен демократиялық мәдениеттің дамып келе жатқанының көрінісі.
Мұндай реформаның табысты болуы ең алдымен әр азаматтың белсенді ұстанымына байланысты. Себебі демократиялық қоғамның күші – халықтың ой-пікірінде, ұсынысында. Сондықтан әрбір қазақстандық ел болашағына бейжай қарамай, өз үнін қосуы қажет.
Бұл реформа – Жаңа Қазақстанның жаңа саяси мәдениетін қалыптастыратын, жауапты азаматтық қоғам құруға бағытталған нақты әрі уақытылы шешім.
Бағытжан Қонасов
ардагер