Парламент Мәжілісінің депутаты шаруагерлермен кездесті

Бүгін Индер ауданына Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, республикалық халықтық штаб өкілі Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы келіп, шаруагерлермен кездесу өткізді. 
Оған ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен мамандары, депутаттар, штаб мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин ашып жүргізіп, бас қаладан арнайылап келген қонақты таныстырды. 
Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Нұрбайұлы  Атом энергиясын салу еліміз үшін өте қажеттігін, мұны көшедегі көк аттылы емес, сол саланың арнайы кәсіби маманы ретінде айтып отырғанын, шет елдердегі атом электр стансаларында болып, көзімен көргендігін жеткізді. Жалпы атом энергиясы дамыған 30 елде салынып пайдаланылып отырғанын, бұл шешім бұрын да қабылданғанын, биыл қайта нақтыланып 3 рет ұсынылып тұрғандығын да айтты. 
-    АЭС – тұрақты және сенімді қуат көзі, себебі ол ұзақ мерзімде үздіксіз үлкен көлемде электр энергиясын өндіруге қабілетті. Бұл – ерекше жоба.  Оның сәтті жүзеге асуы үшін халықтың үлкен қолдауы қажет. Бізде байлық та мол, көмір, уран қоры шамамен 100 жылға жетеді,  тек батыл шешім қабылдап, мүмкіндікті пайдалануымыз керек. Бұл сала бойынша қазірдің өзінде 250 маман оқып жатыр, - дей келе,  жылма -жыл кадрлар дайындалатынын атап өтті.
Қатысушылар көкейлеріндегі көп қойылатын сұрақтарды нақтылап, тиісті жауабын алды.

А.БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT