Ауданда колледж және мектеп оқушыларының арасында «Парасыз болашақ» атты сурет байқауы қорытындыланып, жеңімпаздары марапатталды.
Ауыл шаруашылық колледжінің базасында өткен салтанатты шараны «Nur Otan» партиясының аудандық ұйымының төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Оразғалиев ашып, партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын айта келе, байқау жеңімпаздарын марапаттады.
Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің оқушысы Ақбота Қойшығұлованың еңбегі 1 орынға лайық танылса, жүлделі орындарға Бақытбек Кенжалин (Бөдене о/м) мен Қайрат Мадина (Б.Нысанбаев о/м) ие болды. Сонымен қатар жүлдегерлердің жетекшілері де марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға жалғасты.
Байқау «Nur Otan» партиясының қолдауымен, аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде, "Дендер" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Саламат Б.