Аудандық ардагерлер кеңесі мен аудандық кітапхана жүйесі бірігіп өткізген "Парасат жолы" бағдарламасына сай өткен шара қазыналы Дендердің байлығын игеру тақырыбына арналды.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтеп Нұриев Дендер күмбезін игерудегі аға буын ғалымдар мен кенші, геологтардың орасан зор еңбегін ерекше сөз етті. Олардың адалдығы мен жауапкершілігін бүгінгі жастарға, мамандарға үлгі тұтты.
Арғы, бергі тарих, кеніш пен геологтардың еңбегі, кенттің дамуындағы орны сөз болды. Сөз алған аға буын өкілдері С. Қазиев, Ж. Өмірбаев, Қ. Қапиз, Б. Қарекешова, тағы басқалары асығыс жекешелендіру, тамыр,таныстықтың кең орын алуы аудандағы өндіріс орындарының дамуына кедергі келтіргенін ашып айтты. Бұрынғы халықтық бақылау орнының рөлін ерекше атады.
Сөз алған аудандағы "Парасат жолы" қозғалысының жетекшісі Дина Аренова аға буын өкілдеріне ашық пікірлеріне зор алғыс сезімін білдірді.
С. Халықов