«Отты жылдар жаңғырығы» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Жұма күні аудандық «Дендер» газетінің редакциясында тарихтан тағылым алар басқосу өтіп,  «Ел болам десең...» айдары аясында ардагер ұстаз Сағымбай Керешұлы мен мемлекеттік қызмет саласының ардагері, марқұм Талғат Сүндетұлының Жеңістің 80 жылдығына арнап жазған «Отты жылдар жаңғырығы» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

Тарих пен руханияттың белгісіндей болған шарада ақ парақ пен қара сияны жанына серік етіп, елдің болашағы үшін қалам тербеген жандар мен қара бастың емес, қалың қазақтың арман-аңсарын жеткізіп жүрген елдің өкілдері, Тасқариндер әулетінің балалары бас қосып, ой бөлісті. 
Кітаптың тұсауын автор Талғат Сүндетұлының қарындасы ҚР білім беру ісінің үздігі, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясын ұзақ жылдар бойы басқарған, бүгінде өнер академиясында бас маман болып қызмет атқарып жүрген Долорес Тасқарина мен ҚР «Білім беру ісінің үздігі», ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ардагер ұстаз  Амантай Бағытұлы салтанатты түрде кесті. Олар замандастарының тарихи деректерді бір арнаға тоғыстырып, жинақ етіп шығарғандарына ризашылықтарын білдіріп, «тарих келешек ұрпаққа боямасыз жете берсін!» деп тілектерін жеткізді.  


Сол бір сұрапыл жылдардың көрінісіндей болған жинақта Жарсуат ауылдық округіне қарасты ауылдардан соғысқа қатысқан майдангерлердің майдан даласындағы өшпес ерлігі көрсетіліп, естеліктері берілген. Сонымен қатар соғыс ардагерлерінің әскери құжаттары мен фото-суреттері енген.

Жадыра НАРИМАНОВА

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT