ОТАНЫМЫЗДЫҢ КЕЛЕШЕГІ ҮШІН ЖАС ЖАНҰЯЛАР ДА АТСАЛЫСТЫ

Бөдене ауылындағы Президент сайлауы таңғы 7.00-де Мемлекеттік Әнұранмен бастау алды.

Жалпы ауылда сайлаушылар саны 981 адам болса, олар №115 учаске бойынша өз таңдауларын жасауда. Бастапқы алты сағатта 542 адам дауыс беріп үлгерген. Сайлауға алғаш болып келіп дауыс берген азаматтардың бірі, жасы үлкені – Серікқали Смағұлов, ал ең жас дауыс беруші – Ерсін Жұбатқанов.

Сондай-ақ бұл күні жас жұбайлар Данияр Қоңыров пен Рафиха Абилова да өз таңдауларын жасады. -Бұл – сайлау еліміз үшін маңызды қадам. Себебі, біз таңдаған партия келешекте елімізді алға сүйреуі тиіс. Сондықтан, мәселеге жауапты қарап, дұрыс таңдау жасай білу қажет. Ал біз өз таңдауымызды жасап шықтық. Меніңше, ел болашағын ойлаған әр азамат өз дауысын беру керек. Өйткені, біз ортақ үйіміз, отанымыздың келешегін айқындап отырмыз,-дейді жас жанұя иелері.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT