ОРАЗА АЙТ – МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Бүгін жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі- Ораза айт мейрамын индерліктер де үлкен әсермен қарсы алды.

Сағат 7:00-де аудандық «Әйіпқажы» мешітінде Ораза айт намазы оқылып, тұрғындар көп жиналды. Мешіт шарбағындағы киіз үйде айт мерекесіне орай дастархан жайылып, балаларға арналған батут құрылып, тәттілер ұсынылды. Мереке одан әрі мектеп оқушылары арасында кір тасын көтеру, қол күресі сынды ұлттық спорт түрлерінен жарысқа ұласты. Ал ересектер арасында өткен қазақша күрестен палуандар біразға дейін бір-бірімен беріспеді.

Нәтижесінде 70 кг дейінгі салмақ дәрежесі бойынша К.Сақыпов І орынды, Б.Жұмабайұлы ІІ, Е.Каримов ІІІорынды қанағат тұтты. Ал келесі 70 кг жоғары салмақ дәрежесі бойынша Н.Жолдасов І орынды, А.Тулегенов және А.Оразбай кейінгі жүлделі орындарды иеленді. Жарыс соңында мешіттің бас имамы Ералы Қамзағалиев жүлдегерлерді диплом мен ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Тоғжан Сайын,

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ студенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз