«Орал» халықаралық әуежайына ресми түрде Мәншүк Мәметованың есімі берілді. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуежайға Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы ұсыныс өткен жылы қоғам қайраткерлері мен депутаттардан түскен-ді.
Мәншүк Мәметова Орал облысының (қазіргі БҚО) тумасы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Қызыл Армия қатарында пулеметші болып қызмет етті. Ол соңғы шайқаста 70-тен астам қарсыласын жойып, 1943 жылдың күзінде қайтыс болды. Ол қайтыс болғаннан кейін Кеңес одағының батыры атағын алды.
azh.kz сайтынан