Елдегі орын алған саяси өзгерістер мен жаңа әлеуметтік қамту мәселелеріне орай «Нұр Отан» партиясының атынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары Ізтұрған Баймұқанов пен Сағидолла Құлғалиев Есбол ауылында тұрғындармен кездесті.
Мәслихат депутаты І.Баймұқанов Елбасы Н.Назарбаевтың елдің тәуелсіздік алған елең-алаң шақтағы қиыншылықтан, екі бірдей экономикалық дағдарыстан алып шығып, көршілермен құрлықта да теңізде де шекараны шегемдегенін, қиын кезде де жастарға инвестиция салып, «Болашақ» бағдарламасымен оқытқаны сынды ерен еңбегін және бүгінде әлеуметтік бағдарламаларға басымдық беріліп отырғанын атап өтті.
Ал депутат Сағидолла Құлғалиев бүгінде ауданымыздың әрбір ауылында мектеп, балабақша, мәдениет үйлері салынып бола келсе, енді спорт кешендері мен жол салуды жалғастыру, газ желілерін ауыстыру сынды іргелі жұмыстардың барын жетк жеткізді.
Кездесуді «Нұр Отан» партиясы аудандық ұйымының төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Оразғалиев жүргізіп отырса, округ әкімі Ерболат Сабиров ауылда биылғы атқарылатын жұмыстар барысымен таныстырды.
С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.