Некені бұзу тәртібі

сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес, некені бұзу тіркеуші органдарда және сот тәртібімен жүргізіледі.

Тіркеуші органдарда некені бұзу ортақ кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға өзара келіскен кезде және бір-біріне мүліктік және өзге де наразылықтар болмаған кезде жүргізіледі.

Сондай-ақ, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, егер басқа жұбайы сот «хабар-ошарсыз кетті», «әрекетке қабілетсіз», «әрекет қабілеті шектеулі» деп таныған; кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, неке ерлі-зайыптылардың бірінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.

Егер ерлі-зайыптылардың өтініш берген сәтіне кәмелетке толмаған балалары болса, олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылатын мүлікті бөлу туралы, еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайына күтіп-бағу төлемі туралы дау және бір-біріне өзге де шағымдар бойынша ерлі-зайыптылар некені бұзу үшін сотқа жүгінеді.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы заңда тіркеу тәртібін едәуір оңайлату, құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқарту, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру көзделген.

Егер неке 2019 жылғы 10 желтоқсаннан кейін сот шешімінің негізінде бұзылған болса, некені бұзу туралы акт жазбасы тіркелмейді, заңды күшіне енген некені бұзу туралы сот шешімі АХАЖ АЖ-не "Төрелік" Жоғарғы Сотының ақпараттық жүйесінен келіп түседі, неке қию туралы акт жазбасына автоматты түрде белгі қойылады. Осылайша, бұл процесс АХАЖ АЖ бөлігінде автоматтандырылған және азаматтардың қатысуын талап етпейді.

2019 жылғы 10 желтоқсанға дейін кез келген тіркеуші орган шығарған некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде некені бұзу туралы акт жазбасы тіркеледі, не некені бұзу туралы қолданыстағы акт жазбасы толықтырылады және некені бұзу туралы акт жазбасында міндетті түрде некені бұзу туралы белгі қойылады.

Статистикаға сүйенсек, некелердің көпшілігі сотта бұзылады. Олар – балалары бар немесе бір-біріне мүліктік және басқа да талаптары бар ерлі-зайыптылар. Көрсетілген түзетулер қабылданғанға дейін ажырасу туралы сот шешімі шыққаннан кейін ерлі-зайыптылар ажырасу туралы куәлік алу үшін азаматтық хал-актілерді тіркеу бөліміне жеке жүгінуі керек. Ал сотта бұзылған неке сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап автоматты түрде түседі және неке қию туралы акт жазбасына некенің бұзылғандығы туралы белгі қойылады.

Электрондық форматты енгізудің оң тұстары азаматтардың уақыт және қаражат шығындарын қысқартуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, порталда алынған неке қию туралы электрондық анықтама жеке кабинетте бірнеше рет пайдалану үшін қолжетімді.

Ж.ЖҰМАБАЕВА,

тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521