Наурыз – ырысым, ынтымағым

Наурыз мерекесіне арналған шара Елтай ауылында да жалғасын тапты. Алаңға  киіз үй тігіліп, мерекені  тамашалауға   келушілерге  арналып  сауда  нүктелері ұйымдастырылды.  

«Наурыз – ырысым, ынтымағым» атты алаңдық  шара өткізіліп, жарапазан айтылып, шашу шашылды. 

Одан соң, округ әкімі   Олжас Бейбітұлы наурыз мейрамымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. 

алаңға жиналған тұрғындарға Қыдыр ата батасын беріп, аластау дәстүрі сахналанып, қыз-келіншектер жиналған жұртшылыққа наурыз көже ұсынды. 

Шара ауыл өнерпаздарының мерекелік бағдарламасымен және ұлттық спорттық ойындармен жалғасын тапты. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521