Өткен жексенбіде шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды таңдау болып, Атырау облыстық мәслихатынан ауданымыз бойынша №21 сайлау округінде және аудандық мәслихат депуттығына №6 сайлау округінде сайлау өтті.
Индербор басындағы спорт кешенінде №119 сайлау учаскесіне жолымыз түсе барғанымызда учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Иғалиев учаскеге 504 сайлаушы тіркелгенін атап, жұмыс барысын баяндады.
-Сайлау дәстүрге сай Мемлекеттік Гимнмен ашылды. Алғаш болып кент тұрғыны, ішкі істер саласының ардагері Сағындық Бапқалиев дауыс берді. Жалпы сайлаушылардан сағат 8.30-ға дейін 50 адам дауыс берсе, сағат 12.30-да 126 адам дауыс берді. Сағат 20.00-ге дейін сайлаушылардың қатары мұнан да өсе түсері анық, - деді ол.
Жалпы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы бойынша №6 сайлау округі бойынша тізімге енгізілген 1500 азаматтың 1266 азамат дауыс беруге қатысып, нәтижесінде Индер аудандық мәслихат депутаты болып, Бөдене орта мектебінің директоры Нұрпейіс Тоғаев сайланды.
С.БАЗАРБАЕВ.