Нұрлан Әуесбаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде талаптарға сай - ОСК

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ортсайлауком мүшесі Сәбила Мұстафина баяндама жасады.

Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай Н.Әуесбаевқа қатысты ҚР президентін кезектен тыс сайлауда кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, ол тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы, елімізде соңғы 65 жыл бойы тұрады.

Оның жоғары білімі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесі 10 жыл 8 айды құрап отыр.

Осы орайда Орталық сайлау комиссиясы сайлауда үміткер ретінде ұсынылған Н. Әуесбаевтың талаптарға сәйкес келетінін бекітті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521